Биыл Балқашта жеті демалыс аймағы салынады
Балқашта жеті демалыс аймағы салынады деп жоспарланған. Туристерге арналған жаңа демалыс орталықтарында 219 орын қарастырылмақ. Қалалық жағажайды көркейту жұмыстары әлі де жалғасын тауып жатыр. Қаланың туристік мүмкіншілігі туралы жергілікті коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында шаһар әкімі Сапар Сатаев айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Оның мәліметінше, Балқаш жыл өткен сайын белсенді дамып келеді. 2023 жылы қала экономикасына құйылган инвестиция өткен жылмен салыстырганда 9,2 миллиард теңгеге артып, 67,5 миллиард теңгеге жеткен.
Ал, 2024 жылга арналган болжам бұдан да жоғары — 69 млрд теңгеге дейін өседі деп жоспарланған.
«2023 жылы Ақтоғай ауданы аумағының бір бөлігі Балқашқа қосылып, туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Келер жылы жалпы құны 1,450 млрд теңгені құрайтын 7 демалыс аймағын пайдалануға беру жоспарланып отыр»,- деді қала әкімі Сапар Сатаев.