«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі
14 ақпан 2024 13:45 / Новости Казахстана
Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр дейді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазір алдағы үш жылға арналған «Болашақтың» жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Биылғы наурыз айында республикалық комиссияның отырысына шығарып, одан кейін таныстыруды жоспарлап отырмыз», — деді Саясат Нұрбек.
Министр жаңа стратегияда маңызды мәселелер ескерілгенін айтты.
«Сонымен қатар іріктеу жұмыстарын күшейтеміз. Мәселен, тағылымдамадан өту үшін енді ғылыми мақалаға қатысты талаптар қойылады. Ғалымдар жұмыс істеп тұрған зертханаларға жіберіледі. Олар жыл сайын елге оралған кезде ғылыми жобаларын өндіріске енгізу туралы есеп беруі тиіс», - деді министр.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана