Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қар жауады

16 желтоқсан 2025 11:18 / Новости Казахстана

Астана, Алматы мен Шымкенте 16 желтоқсанда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 1,9 м/с.

Астанада аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -9 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,8 м/с.

Шымкентте де бүгін күн бұлтты болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 6 градусқа дейін жетіп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болмақ.

16 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

16 желтоқсанда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

16 желтоқсанда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 16 желтоқсанда күннің соңында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 16 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

16 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған: 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

16 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 16 желтоқсанда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары