Бұрынғы мектеп мұғалімі есірткінің ірі партиясымен ұсталды

28 наурыз 2024 8:13 / Новости Казахстана

Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласына кураторының нұсқауы бойынша есірткіні жасырын қойып кету үшін келген әйелді полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясымен ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектептердің бірінде 10 жыл бойы мұғалім болып жұмыс істеген әйел бірнеше жыл бұрын аталған жұмыстан шығып кеткеннен кейін есірткіні жасырын қойып кету жұмысын бастаған.

Оперативтер тінту барысында тыйым салынған заттары бар 14 орамды тапқан. Одан кейін 37 жастағы әйел полицейлерге есірткіні жасырын салған орындарды көрсеткен, полицейлер «бомба» деп аталатын тағы екі үлкен орамды және дозасы бойынша өлшеніп салынған төрт орамды тапты.

Сондай-ақ полицейлер Степногорскте ол бірнеше күн жалға алып тұрған пәтерді тексерген. Мұнда оперативтер тыйым салынған заттары бар 105 орам және есірткі заттарын мөлшерлі дозасы бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғылар тапқан. Сараптама бойынша алынған зат салмағы 62,5 грамм (бұл – аса ірі көлем) мефедрон – синтетикалық есірткісі болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, айыпталушы қамауға алынды.

 

 

Серіктес жаңалықтары