Camry түйені қағып, қарсы бағытқа шығып кетті: төрт адам көз жұмды

17 қыркүйек 2026 16:17 / Новости Казахстана

Маңғыстау облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тағы төрт адам түрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінді.

Полицияның мәліметінше, жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында Ақтау – Бейнеу тасжолында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Camry көлігі Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытына қарай қозғалған. Осы кезде жолға түйе шығып, көлік жануарды қағып кеткен. Соқтығысудан кейін Camry қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Апат салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары