Бурабайда ит ататын адам әріптесін абайсызда атып жіберді
1 ақпан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Бурабайда қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы адамға тиіп кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызметкердің оғы әріптесінің аяғына тиіп кеткен.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
"Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жағдайы тұрақты, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды", – деп хабарлады ведомство.
Ақмола облыстық полиция департаменті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана