Cуға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі мұғалім мерт болды

16 тамыз 2025 14:10 / Новости Казахстана

Cуға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі мұғалім мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 10 шілдеде Батыс Қазақстан облысында болған. Қайғылы жағдай болған күні мұғалімдердің бірі отбасымен өзен жағасында демалып жатқан. Жақын жерде жасөспірім қыз бен екі ер адам суға түсіп жүрген. Кенет қыз суға бата бастаған. Сол кезде қыздың ағасы көмекке ұмтылған. Жасөспірімнің көмекке шақырған даусын естіген мұғалім де суға секірген. Қызды аман алып қалғанымен, екеуі жағаға жете алмаған. Құтқарушылар келгенше тұрғындар судан 25 және 37 жастағы екі ер адамның денесін алып шыққан.

Марқұмдардың бірі, Қанат Шайхиденов Абай ауылындағы мектепте ағылшын тілі мұғалімі болған. Артында жары мен бес баласы қалған. Үлкен ұлының мүгедектігі бар. Ал кенжесі үш ай бұрын ғана дүниеге келген.

Ал екіншісі Астанадағы Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекарыс Әминов. Ауылға жазғы демалысқа келген ол тамыз айында шаңырақ көтермек болған.

Серіктес жаңалықтары