Декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына аз қалды

28 тамыз 2026 9:26 / Новости Казахстана

15 қыркүйекке дейін жеке мүлкі мен табысы туралы деректерді ұсынып үлгермегендер жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Міндетті декларацияны биыл мемлекеттік қызметшілер, шетелде мүлкі барлар, кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруы тиіс.

Ол үшін тұрғылықты мекенжайыңызға қарайтын салық мекемесіне баруға болады немесе үйден шықпай-ақ egov.kz порталы немесе E-salyq Azamat қосымшасына кіріп, сұрақтарға жауап бересіз.

Үлгермегендер ескерту алады. Оны елемесе, 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 65 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.

Серіктес жаңалықтары