Денсаулығында қарсы көрсетілімдері бар 1787 жүргізушінің куәлігі жарамсыз болып қалды

7 қаңтар 2026 10:28 / Новости Казахстана

Денсаулығында қарсы көрсетілімдері бар 1787 жүргізушінің куәлігі жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомоство Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу және олардың қолжетімділігін шектеу бағытында жүйелі жұмыс бастаған.

«2025 жылдың 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша сот органдарына 4 540 талап-арыз жіберіліп, оларды қарау нәтижесінде 1787 жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Аталған азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімдеріне байланысты көлік құралын басқаруға құқығы болмаған», - делінген мәліметте.

Сонымен қатар екі ведомоство арасында психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтар туралы деректерді нақты уақыт режимінде беру және жаңарту қамтамасыз етілген.

Серіктес жаңалықтары