Димаш продюсерлік ететін жоба Алматыдағы туристік орындарда түсірілді

27 қыркүйек 2025 11:25 / Новости Казахстана

Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System бірлесе қолға алған «Көкжиек үні» халықаралық телевизиялық жобасы Қазақстанның көрнекті туристік орындарын әлемдік аудиторияға таныстырады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл жолы түсірілім Алматы қаласы мен Алматы облысының танымал туристік орындарын қамтыған. 

«Шетелдік көрермендер Қайыңды көлін, UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы тарапынан әлемдегі үздік туристік елді мекеннің бірі атанған Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын көре алады. Алматының өзінде түсірілім Арбатта, Көк базарда және метрода өтті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар қатысады. «Көкжиек үні» музыкалық жобасы әртүрлі елдердің өнерпаздарын біріктіріп, Қазақстанның табиғи ландшафтары мен туристік әлеуетін көрсетеді.

Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы облысы және Алматы қаласында өтті. Халықаралық жобаның ақтық кезеңі Астанада өтеді.

 

Серіктес жаңалықтары