Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова марапатталды

6 наурыз 2026 9:29 / Новости Казахстана

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының арнайы марапаттарын иеленді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталған. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталған.

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев марапаттардың маңызына тоқталды.

«Бүгін біз өнер арқылы түркі әлемін шынайы біріктіріп жүрген тұлғаларды құрметтеп отырмыз. Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып келеді. Ал Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің символына айналды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет», – деді ТҮРКСОЙ бас хатшысы.

Серіктес жаңалықтары