Димаш Құдайбергеннің анасы жағымды жаңалық айтты

2 шілде 2026 16:42 / Новости Казахстана

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева кенже ұлы Мансұрдың Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін бітіргенін сүйіншіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі бұл отбасылық жағымды жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Светлана Айтбаеваның айтуынша, ұлының бұл маңызды белесіне бүкіл әулеті ерекше қуанып отыр.

«Мансұртайым Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін аяқтап, бәріміз қуанып жатырмыз. Құтты болсын, ботақаным! Өз ісіңнің шебері бол», – деп жазды ол ұлына ақ тілегін арнап.

Сонымен қатар баласының шығармашылық өсу жолына тоқталған анасы Мансұрдың осы уақытқа дейін ағасы Димаштың қасында жүріп, әлемдік үлкен сахналарда өнер көрсетіп үлгергенін атап өтті. Жас музыкант түрлі халықаралық шеберлік сабақтарына қатысып, кәсіби деңгейдегі мамандармен бірлесе жұмыс істеген. Қазіргі таңда ол бірнеше музыкалық аспапты еркін меңгеріп, өзінің алғашқы туындыларын да жаза бастаған.

Серіктес жаңалықтары