Димаштың Испаниядағы алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

11 қараша 2025 9:21 / Новости Казахстана

Әнші Барселонадағы әйгілі «Olimpic Arena Badalona» Олимпиадалық аренасында көрерменге «Stranger» атты бағдарлама ұсынып, әлемнің 50 елінен келген жанкүйердің қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлемдік деңгейдегі өнерпазды көру үшін Еуропа, АҚШ, Канада, Латын Америкасы, Азия және басқа да құрлықтардан тыңдармандар жиналды. Олар концерт басталар алдында Димашпен бірге Қазақстанның әнұранын шырқады.

Кеш барысында әнші авторлық туындысы «Бір аспан тарихы» композициясын ағылшын тілінде орындай бастаған сәтте жанкүйерлер «Біз өмірді таңдаймыз» атты флешмоб ұйымдастырды. Фан-клуб өкілдері бейбітшіліктің белгісі ретінде ақ қолғап киіп, қолдарын жоғары көтерді.

Димаштың гастрольдік сапары алдағы уақытта Лондон, Берлин және Рига қалаларында жалғасады.

Серіктес жаңалықтары