«Дос-Мұқасан» әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды
25 қараша 2023 19:10 / Новости Казахстана
«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жайсыз хабар туралы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мейірбеков ағамыз Раббысына қайтыпты. Фирдаус жаннаты нәсіп етсін. Өте жақсы адам еді. Қазақ халқына, атамыздың әулетіне қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазды С. Майғазиев.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінде өнер көрсетті.
Ақжол Мейірбеков 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.
3 қараша 2026 15:36 / Новости Казахстана
11 банктің несие беру тәртібі тексеріледі
3 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
Қазақстандық танымал актер көз жұмды
3 қараша 2026 13:28 / Новости Казахстана
Ташкентте ауруханаға түскен қарағандылық балалардың жағдайы белгілі болды
3 қараша 2026 12:15 / Новости Казахстана
Түркістан облысында жол апатынан ерлі-зайыпты көз жұмды
3 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды
3 қараша 2026 9:20 / Новости Казахстана