Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері бірнеше сағатта бітіп қалды

11 сәуір 2025 16:46 / Новости Казахстана

Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертінің билеттері бірнеше сағатта бітіп қалды, деп хабарлайды Arbat.media. 

Билет сатылып жатқан Тикетон сайтында қазір аншлаг болып жатыр екен.

«Ұйымдастырушылар бөлген квотаға – аншлаг! Билеттерді 30 маусымға дейін тапсыруға болады. Ал 1 шілдеден бастап билеттер қайтарылмайды», - деп жазды Тикетон сайты.

Айта кетейік, 1 тамыз күні әлемдік әнші Дженнифер Лопес Астанада концерт береді. Бұған дейін билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, баға 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.

“Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов үкімет отырысында америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары