Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2025, 14:47

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы белгілі болды

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында 1 тамызда Астанада өнер көрсетеді.

Билет бағасына қатысты Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, баға 40-150 мың теңге аралығында болады. Ең қымбат билет бағасы – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұрады.

“Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов үкімет отырысында америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетінін айтты.

Әнші, концерт

Тақырыпқа жаңалықтар