Екі ай бұрын ғана тұрмыс құрған келіншек көз жұмды: Қоштасу хаты табылды

31 тамыз 2026 15:00 / Новости Казахстана

Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың өліміне қатысты жақындары бірқатар сұрақтың жауабын іздеп отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Туыстарының сөзінше, марқұм қайтыс болар алдында «Маған бірдеңе болса, енем кінәлі» деген мазмұнда хат қалдырған. Осыған байланысты олар Асиманың өліміне қатысты барлық мән-жай толық әрі объективті зерттелуі керек деп санайды.

Марқұмның жақындары нақты дәлелдерсіз ешкімді кінәлі деп жариялауға болмайтынын атап өтті. Алайда Асиманың соңғы жазбасы мен онда айтылған жайттар тергеу барысында мұқият тексеріліп, оған құқықтық баға берілуін талап етіп отыр.

Қазір Асиманың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты себептері мен істің барлық мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс. Кінәлі тұлғалардың бар-жоғына да заң аясында құқықтық баға беріледі.

Серіктес жаңалықтары