Екібастұзда даму орталығында қыз бала қолынан жарақат алды
28 қазан 2025 10:33 / Новости Казахстана
Екібастұзда даму орталығында қыз бала қолынан жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сабақ кезінде нұсқаушы қыздың қолынан тартып, жаттығуды күштеп жасатқаны түсірілген видео тарады.
Осыдан кейін бала ауырып қалған қолын бауырына қысып, жылаған.
Видеоның астында қыздың анасы сабақтан кейін баланы бірден ауруханаға апарғанын және оған гипс салынғанын жазған.
Ата-анасы полицияға арыз түсірді.
«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала дерек бойынша Екібастұздағы түзету орталықтарының бірінде нұсқаушы кәмелетке толмаған балаға қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған», – деп хабарлады Павлодар облыстық полициясы.
13 қараша 2026 10:18 / Новости Казахстана
Ақсуда ер адам әйелді өлтіріп, денесін өртемек болған
13 қараша 2026 9:07 / Новости Казахстана
13 қарашада ауа райы қандай болады?
12 қараша 2026 18:31 / Новости Казахстана
Атырауда «ҚазАвтоЖол» еншілес ұйымының бас есепшісі 34,8 млн теңгені жымқырған
12 қараша 2026 17:26 / Новости Казахстана
Астанада көшеде сегіз чемодан мен шашылған долларға ұқсас купюралар табылды.
12 қараша 2026 16:10 / Новости Казахстана
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды
12 қараша 2026 15:18 / Новости Казахстана