Елдің солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елдің оңтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша күн тұманды болса, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
22 қаңтарда суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірде ауа температурасы түнде 25–38 градусқа дейін, күндіз 20–30 градусқа дейін төмендейді. Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8–13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5–13 градус аяз болады деп болжанып отыр.