Елімізде 52 мектеп бала асырауға ниетті ата-аналарды тегін оқытады

30 қазан 2024 2:56 / Новости Казахстана
Фото: Oqu-agartu ministrligi

Бүгінде 20 өңірде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, 52 асырап алушы ата-аналар мектебі аталған санаттағы балаларды тәрбиелеуге қатысқысы келетін азаматтарды психологиялық даярлауда шешуші рөл атқарады. Жаттығулар тренинг форматында өтеді және оған қатысу тегін. Оқу ұзақтығы 42-ден 60 академиялық сағатқа дейін, соңында сертификат беріледі, бұл – олардың бала асырап алуға әлеуетті екенін білдіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Балалардың тәрбиесі мен эмоционалдық дамуын терең түсінуге бағытталған мектебіміздің арқасында біз үміткерлердің балаларды асырап алуға дайын немесе дайын еместігін анықтай аламыз», деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Дайындықтан өтуге ниет білдірген үміткерлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың біріне еркін нысанда жазбаша өтінішпен жүгіне алады.

 

Серіктес жаңалықтары