Елімізде нәрестелер 500 мың теңгеге сатылған

20 қыркүйек 2025 16:41 / Новости Казахстана

Елімізде жаңа туған сәбилерді сату деректері көбейіп барады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жыл басынан бері осындай 19 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Адам саудасымен күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Күшербаева айтты.

Оның сөзінше, мұндай оқиғалар еліміздің барлық өңірлерінде тіркеліп отыр. Көбіне қылмыс балалы бола алмай жүрген және баладан бас тартқысы келетін отбасылар арасында туындайды. Осы екі ортаны табыстырып, ақша табатын делдалдар көп болып тұр. Кейбір аналар қаржылай қиындықтар кесірінен осындай заң бұзушылыққа баратын көрінеді.

Министрлік мәліметінше, бала саудасы ел ішінде жүргізілген. Шетелге сатылғаны жоқ. Бір баланың бағасы 500 мың теңгеден бастап, 1 жарым миллион теңгеге дейін барады. Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты барлығы 141 іс тіркелген.

Серіктес жаңалықтары