Еліміздің 4 өңірінде су тасу қаупі бар

24 наурыз 2024 15:22 / Новости Казахстана

Синоптиктер еліміздің төрт облысының тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы ескертті. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 24-26 наурыз күндері күн жылынып, Атырау облысында қар қарқынды ери бастайды. Осыған қарай Қызылқоға, Жылыой аудандарындағы шағын өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, жауын-шашын болуы ықтимал, - деп хабарлайды Arbat.media.

25-28 наурызда ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін.

26 наурызда БҚО-ның кей жерлерінде жаңбыр жауады.

24-29 наурыз аралығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында қар қарқынды еріп, оңтүстік өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, салдарынан автожолдар, елдімекендер мен шаруашылық құрылыстарын су басу қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары