Ер адамның жетімге жасаған сұмдығы әшкере болғанымен жазасыз қалды
4 сәуір 2025 15:48 / Новости Казахстана
Балалар үйінің тәрбиеленушісін ұрып-соққан көлік жүргізушісі жазасыз қалды, деп хабарлайды Arbat.media Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар үйінің көлік жүргізушісі 15 жастағы жеткіншекті ұрып-соққан. Алайда оның үстінен қозғалған қылмыстық істі полиция тоқтатып тастаған.
Құқық қорғау органы ересек адамның баланы ұрғанын растаған, бірақ жасөспірім арыз беруден бас тартыпты. Шағым болмаған соң іс жабылған.
Балаға озбырлық танытқан ер адамның өзі кінәсін мойындамаған. Айтуынша, ол баламен ойнапты, ал басқалар бұл жағдайды теріс түсініпті. Сондай-ақ баланың оны «Гитлер», «фашист» деп атап шамына тигенін айтқан. Жасөспірім оның сөзін растаған.
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана