Ербаянның неден көз жұмғаны белгілі болды

24 маусым 2026 14:22 / Новости Казахстана

Денсаумин Астанада Ұлттық ұланның бұрынғы сарбазы Ербаян Мұхтардың өлім себебін атады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратынша, Ербаянға барлық қажетті ем-дом жасалған. Алайда ауыр жарақатының асқынуы мен полиорганды жеткіліксіздік салдарынан науқас көз жұмған.

Алайда желіде тараған видеоларда марқұмның жақындары медицина қызметкерлерін салғырттық танытты деп айыптағаны айтылады. Олардың айтуынша, науқастың тыныс алу түтігі іріңдеп, содан инфекция тараған. Сондай-ақ туыстары сарбаздың бойында тіршілік белгілері білініп тұрған кезде дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратын өшіріп тастағанына шағымданды.

Еске салайық, Ербаян 2023 жылдың желтоқсанында Алматыдағы әскери бөлімде ауыр жарақат алған. Ресми нұсқада ол құлап түскен делінсе, отбасы оны әлімжеттік құрбаны болды деп есептейді. Бұл іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары