Ертіс-Баян өңірінде киік саны 5 есе көбейген
7 мамыр 2024 23:40 / Новости Казахстана
Қазіргі күні Павлодар облысының аумағын мекендейтін ақбөкендердің саны шамамен 20-25 мыңдай бар. Түз тағысы көбіне Май, Баянауыл аудандарының жазығын төңіректейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаевтың айтуынша, соңғы жылдары өңірдегі ақбөкендердің саны айтарлықтай артқан.
«2020 жылмен салыстырғанда қазіргі күні облыстағы киік саны 5 есеге жуық көбейген. Шамамен 20-25 мыңдай дала жануарын санадық. Киіктерді қорғау мақсатында 15 сәуір - 15 мамыр аралығында «Ақбөкен» науқаны өткізіліп жатыр. Ол табиғат қорғау заңнамаларын бұзушыларды және заңсыз аңшылықпен айналысушыларды анықтауға бағытталған», - дейді бас инспектор.
29 қыркүйек 2026 18:15 / Новости Казахстана
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ісіне қатысты 4 полицей ұсталды
29 қыркүйек 2026 17:35 / Новости Казахстана
Астанада 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алынды
29 қыркүйек 2026 16:37 / Новости Казахстана
Қазақстандықтар дербес деректерін жоюды талап ете алады
29 қыркүйек 2026 15:20 / Новости Казахстана
Түркістанда 9 айлық сәби батарейка жұтып қойған
29 қыркүйек 2026 14:18 / Новости Казахстана
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифі қымбаттайды
29 қыркүйек 2026 13:11 / Новости Казахстана