Алматыдан Гоаға бағыт алған FlyArystan ұшағы Делиге шұғыл қонды

17 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана

Желіде жолаушылар ұшақ ішінде 1,5 сағат бойы ақпарат күтіп отырғандарын және межелі жерге қашан жететіндері белгісіз екенін жазды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Arystan рейстің операциялық себептерге байланысты кешігіп жатқанын растады.

Әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйге орналастыру және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылғанын хабарлады.

Компания жолаушыларға рейс кестесіндегі өзгерістер туралы ақпарат брондау кезінде көрсетілген байланыс нөмірлеріне жіберілетінін ескертті.

Бұл рейс чартерлік болғандықтан, билетке қатысты барлық сұрақтарды билетті рәсімдеген орын арқылы шешу керек.

Серіктес жаңалықтары