Ескертуді елемеген жүргізушінің кесірінен жолаушы мерт болды

27 қазан 2023 13:00 / Новости Казахстана

Атырауда полицейдің ескертуін елемеген жүргізушінің көлігі қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысып, көліктегі 43 жастағы жолаушы мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті уақытпен сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 794-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1979 жылғы ер адам жүргізіп келет жатқан «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы «DAF XF» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1980 жылғы жолаушысы қаза тапты, — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жол-көлік оқиғасына, жолаушының көз жұмуына байланысты тиісті іс-құжаттар жиналып жатыр.

— Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «УАЗ» көлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен. Алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатына себепші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында қозғалысқа қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеміз.

 

Серіктес жаңалықтары