Гүлмира Сатыбалдының ісі: Baur Kazakhstan компаниясының экс-басшысы сотта куәлік етті

21 маусым 2024 9:00 / Новости Казахстана

Алматыда Гүлмира Сатыбалдаға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сот барысында куәгер, Baur Kazakhstan-ның экс-президенті Бақыт Қабенов жауап алуға шақырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бақыт Қабеновтың айтуынша, 2013 жылы «Ария-Жаңа Астана» компаниясында қаржы директоры болған. Кейін Baur Kazakhstan компаниясында 2014-2019 жылдар аралығында президент қызметін атқарды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол 2019 жылы Гүлмира Сатыбалды мен Абай Жүнісов арасындағы жанжалдың куәсі болған.

«2019 жылдың 13 ақпанында Гүлмира Сатыбалды компанияның кеңсесіне келіп, Абайды сұрады. Мен Қалқаман шағын ауданындағы анасының үйінде екенін айттым. Сосын ол маған өзімен бірге бару керектігін жеткізді. Мен нақты мекенжайын білмегендіктен, жол көрсету үшін қызметкеріміз Батырбекті ертіп алдым. Кешке қарай Сатыбалданың көлігімен Абайдың анасының үйіне бардық. Көлікті Мәди Батыршаев жүргізді. Біз үйге келсек, аулада Абай Жүнісов пен оның досы Айбатыр Жұмағұлов тұр екен. Гүлмира Сатыбалды шыға салып, Абайды ұрлық жасады деп айыптап, соққыға жықтыратынын айтып, қысым көрсетті. Содан кейін ол әңгімені кеңседе жалғастыратынын айтты. Абай Сатыбалданың көлігіне отырды, мен олардың соңынан басқа көлікпен жүріп отырдым. Біз кеңсеге келсек, 4-5 дене бітімі ірі адам тұр екен»,- деді ол.

Куәгердің сөзінше, кеңседе Абай Жүнісов, Айбатыр Жұмағұлов, Айгүл Мекешова, Гүлмира Сатыбалды болды. Онда Гүлмира Абайға қысым жасауды жалғастырды. Тіпті жүргізуші Мәди Батыршаевқа Абай Жүнісовті кеңседе ұрып-соғу үшін жігіттерді шақыруды бұйырған сәті де болды.

Бақыт Қабенов айыпталушының оған Абай Жүнісовпен кездесуге тыйым салғанын айтты. Сатыбалды оның әр қадамын бақылап отырған.

«Бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға тырыстыңыз ба? Жоқ, отбасым мен өмірім үшін қорықтым. Оның үстіне сол күні, 13 ақпанда кеңсемізге полиция келді, бірақ Гүлмира Сатыбалды шығып, оларды қайтарып жіберді. Біз полиция кеңсеге кіріп, бәріміз кетеміз деп үміттендік, бірақ олай болмады. Гүлмира Сатыбалдының байланысы жақсы екенін түсіндік», – дейді Бақыт Қабенов.

Куәгер «Ария Жаңа Астана» ЖШС компаниясына қандай жағдайда аударып бергенін атып берді.

«2019 жылдың сәуір айында Гүлмира Сатыбалды «Нұр Банк» басшылығымен кездесті. Ол «Ария Жаңа Астана» банк ВТБ-дан Нұр банкке қызмет көрсету керек екенін айтты. Ол компанияның тендерлерге қатысуын жалғастыру үшін банк қарызды қайта қаржыландырып, несие бергенін айтты. Сол кезде мені «Ария Жана Астана» компаниясының уақытша құрылтайшысы едім. Нұр банк менің жеке кепілдігімді талап етті. Содан Гүлмира Сатыбалды қорқытып, жеке үйімді банкке кепілге қоюымды талап етті. Осы жағдай болғаннан кейін банк несие берген бойда, келесі күні Гүлмира Сатыбалды маған «Ария Жаңа Астана» компаниясын Қайрат Сатыбалдының көмекшісі Игорь Родионовқа аударып беруімді бұйырды. Бүгінге дейін Нұр банк маған арест қойып, 2 миллиард 800 миллион теңге талап етті», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары