Инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады

2 ақпан 2024 10:00 / Новости Казахстана

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржы туралы өз ойын ортаға салды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

"Мемлекет басшысының табиғи ресурсты әділ бөлу жөніндегі бастамасынан соң «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы заңнамалық тұрғыда бекіп, жүзеге аса бастады. 2024 жылы Ұлттық қордан осы мақсатқа бөлінген қаражаттың сомасы – 695 миллион доллар. Осы соманы еліміздегі 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлгенде 100 доллар 50 центтен алғашқы төлем түсті. Биылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақтарды екі мақсатқа - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға пайдаланады", - деп жазды сенатор.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бүгін журналистерге берген сұхбатында Ұлттық қордан балаларға түсіп жатқан төлем көлемі бойынша түсініктеме жасады.

- Біз жыл өткен сайын Ұлттық қор қаражатын көбейтуге және үнемдеуге мүдделі болуымыз керек. Сонда балаларға бағытталған инвестициялық табыс көлемі де арта түседі , - деп атап өтті ол.

 

Серіктес жаңалықтары