Израильдегі Қазақстан елшілігі шұғыл мәлімдеме жасады

13 маусым 2025 15:26 / Новости Казахстана

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильде жүрген Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашып, ескерту жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елшілік төрт телефон нөмірін ұсынды.

Қандай да бір қиындыққа тап болған азаматтар Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Елшілік Қазақстан азаматтарын сол елдің әскері бекіткен нұсқаулықты орындап, қырағы болуға шақырды.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - деп жазылған елшіліктің ақпаратында.

Айта кетейік, Израиль 13 маусымға қараған түні Иранның Натанздағы уран байыту орталығы мен басқа да әскери және ядролық нысандарына әуе соққысын жасады.

Серіктес жаңалықтары