Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі сатылмайтын болды

29 сәуір 2025 9:25 / Новости Казахстана

Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйі әлеуметтік қажеттіліктерге берілетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару компаниясы мәлімдеді.

«Астана әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалануға беру туралы ресми сұрау келіп түсті. Өтініштің әлеуметтік маңыздылығын және заңнама нормаларын ескере отырып, объект электрондық сауда тізімінен алынып тасталды. Одан әрі кімнің пайдаланатыны белгіленген тәртіппен айқындалатын болады», — деп хабарлады қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің Нұра ауданының Қараөткел шағын ауданында орналасқан зәулім үйі бірнеше рет сатылымға шығарылды. Үй екі рет 1,8 миллиард теңгеге сатылымға шығарылғанымен оны ешкім алмады .

 

Серіктес жаңалықтары