Кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота кезінде көз жұмды
21 мамыр 2026 12:33 / Новости Казахстана
Кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәліметке сәйкес, әйелге абдоминопластика жасалған. Бұл іш аймағын түзетуге арналған хирургиялық ота. Ота кезінде артық тері мен май алынып, іш бұлшықеттері тартылып тігіледі. Мұндай ота көбіне босанған соң немесе қатты арықтаған адамдарға жасалады.
Қазір өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, клиника уақытша жабылған.
Полиция мәліметінше, Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны 15 мамыр күні көз жұмған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер қажет сараптамалар жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
2 қазан 2026 18:11 / Новости Казахстана
Алматыда ер адам анасын ұрып, қолын байлап тастаған
2 қазан 2026 17:22 / Новости Казахстана
Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды
2 қазан 2026 16:16 / Новости Казахстана
Berlin Today: Тоқаев президенттігінің жеті жылында Қазақстан қалай өзгеруде
2 қазан 2026 15:35 / Новости Казахстана
Роза Рымбаеваның келіні қуанышты жаңалығын айтты
2 қазан 2026 14:24 / Новости Казахстана
Иран қазақтары қаза тапқан сарбаздарға құран оқып, дұға етті
2 қазан 2026 13:32 / Новости Казахстана