Каспий теңізінің жағасында итбалықтар қырылып жатыр
Каспий теңізінің жағасынан 70 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Каспий теңізінің жағалауында, нақтырақ айтқанда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары маңында 70 итбалықтың өлексесі табылды.
Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының экология департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, мамандар қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тез арада орын алған.
«Осы жылдың 8 мамыры күні Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мамандары Түпқараған ауданы Ақшұқыр, С.Шапағатов елді мекендерінің теңіз жағалауында итбалық өлекселерінің табылуына байланысты теңіз суынан су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді. Қорытындысы алдағы уақытта қосымша жарияланады», - делінген хабарламада.