Каспий жағалауынан табылған итбалық өлекселерінің саны 533-ке жетті

9 қараша 2024 9:00 / Новости Казахстана

Итбалықтардың жаппай қырылуы қазан айының соңында басталды. Содан бері инспекторлар күн сайын Каспий теңізінің жағалауынан өлген итбалықтарды анықтауда. Бүгінде 500-ден астам су жануарының ұшасы жиналып, жойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудскийдің мәліметінше, кеше 7-қарашада кешке дейін тағы 200-ге жуық итбалықтың ұшасы жиналып, жою үшін полигонға жеткізілген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жалпы қазанның 24-29 аралығында жағалаудан 289 өлексе табылған.

Ал, 4-5 қараша күндері 121 ұша анықталды. Енді соған тағы 195 өлген итбалық қосылып, барлығы 533 өлексе жойылды.

Бұған дейін ихтиолог Әсел Баймұқанова итбалықтардың теңіздің солтүстік аумағына миграциясы кезінде қырылғанын айтқан болатын.

 

Серіктес жаңалықтары