LRT ісі бойынша қашып жүрген Талғат Ардан ұсталды
13 мамыр 2025 10:29 / Новости Казахстана
Астана LRT жобасындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркия аумағында ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген. Нәтижесінде экс-басшы Анталья қаласында ұсталды.
9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты экс-басшыны қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ-де оқушылар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты
9 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана