Маңғыстауда 126 қой белгісіз себептен қырылып қалды
30 қыркүйек 2026 13:15 / Новости Казахстана
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 28 қыркүйек күні 126 бас ұсақ мал қырылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әлеуметтік желіде қойлардың «Бейнеу Су Сервис» кәсіпорны маңында жиналған судан су ішкеннен кейін өлгені туралы ақпарат тараған.
Бейнеу ветеринария станциясының мамандары оқиға орнына барып, ауыл тұрғынының қорасындағы 126 өлген қойды анықтаған.
Қазір жиналған су мен өлген малдан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Өлген қойлар ветеринариялық талаптарға сай арнайы биошұңқырда өртеліп, қораға дезинфекция жүргізілген.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тұралы Жолышовтың айтуынша, тірі қалған қойлардан жұқпалы ауру белгілері анықталмаған. Оқиға аудан әкімдігінің бақылауында.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана