Маңғыстауда тойдан соң жаппай төбелес болды
3 тамыз 2025 15:30 / Новости Казахстана
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жолдың қақ ортасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазбада төбелеске тойға келген қонақтардың қатысқаны жазылған.
Кадрларда жастардың көліктер жүріп жатқан жолдың үстінде төбелесіп жатқаны көрінеді. Мұнайлы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, "Салтанат палас" мейрамханасының алдында төбелескен бірнеше адамның жеке тұлғасы анықталған.
Күдіктілер ұсталып, Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
10 қараша 2026 12:44 / Новости Казахстана
Алматыда қауіпсіздік белдігін тақпаған әйел жауапқа тартылды
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана