Марқұмдардың туысы Сұлтан Сәрсемәлиевтен 70 млн теңге талап етті
18 маусым 2026 13:59 / Новости Казахстана
Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 18 маусымдағы сот отырысында жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызының сомасы жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайтыс болған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова сотталушыдан 70 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын өндіруді сұрап отыр.
Сотта Сәрсемәлиев бұл талаптан бас тартпайтынын айтты. Алайда ол қазіргі қаржылық жағдайына байланысты аталған соманы қайтара алатынына кепілдік бере алмайтынын жеткізді.
"Талап арызды қабылдаймын, бірақ қайтаратыныма кепілдік бере алмаймын. Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр", – деді сотталушы.
Қазіргі уақытта іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.
30 қазан 2026 19:35 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, ал қызметкерлерден стафилококк табылды
30 қазан 2026 18:40 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы әшкереленді
30 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі
30 қазан 2026 16:18 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ асханасы 60 күнге жабылды
30 қазан 2026 15:28 / Новости Казахстана
Атырауда қазандық жарылып, 19 пәтерге зақым келді: шығынды ғимарат иесі өтейді
30 қазан 2026 14:20 / Новости Казахстана