Мас жүргізуші полицияға оқ атқан

13 қараша 2023 22:01 / Новости Казахстана

Қостанай облысында полиция қызметкерлеріне қару қолданған мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz жариялады.

Қостанай облысы ПД оқиғаның мән-жайын жариялады.

Қарабалық ауданында полиция қызметкерлері сағат 21:00-де Алматы – Екатеринбург автожолында, Приуральск кентінің аумағында габарит шамын қоспай жүріп келе жатқан УАЗ автокөлігін байқады. Жүргізушінің әрекеті күдік тудырды. Ол полицейлердің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабына жүргізуші жауап бермей, тізгінді басқара алмай жолдың шетіне шығып кетіп, қашпақ болып тәртіп сақшыларына бірнеше рет оқ атқан. Көлікті тастап, жүргізуші оқиға орнынан қашып, қаруды өзімен бірге алып кетті.

Аудан аумағында “Сирена” жоспары жарияланып, жеке құрам дабылмен көтерілді.

Қостанай облысы ПД арнайы бөлімшесінің қатысуымен өткен іздестіру іс-шарасында ауданның 35 жастағы тұрғыны мас күйінде танысының пәтерінде ұсталды.

ҚР ҚК-нің 380-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері қару қолданбаған, ешкім зардап шеккен жоқ. Іс бойынша аңшылық қос ұңғылы мылтық, патрондар мен спирттік ішімдіктер тәркіленді. Қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Күдікті Қарабалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тәртіп сақшыларының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын ескермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Серіктес жаңалықтары