Мәулен Әшімбаев Иран Елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

5 наурыз 2026 20:30 / Новости Казахстана

Мәулен Әшімбаев Иран Елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеидің, мемлекет басшылығы өкілдерінің және бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты.

Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Әли Акбар Джокармен әңгімелесу барысында Иран Қазақстанның жақын көршісі және серіктесі екені атап өтілді. Сондай-ақ Сенат Төрағасы еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуге дайын екеніне тағы бір назар аударды.

Серіктес жаңалықтары