"Мектеп бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинайды": Ата-аналар дабыл қақты

17 мамыр 2025 17:35 / Новости Казахстана

Желіде белсенді қазақстандық ата-аналардың қалай шығындалатынын айтты, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы тұрғынының айтуынша, қаланың қарапайым мемлекеттік мектептерінде оқушылардың бітіру кешін өткізуге 200 мың теңгеден ақша жинайды.

"Енді ойлаңыздар қызы әкесіне барып 200 мың қажет екенін айтады. Бұған дейін сабағын жақсы оқып үлгілі оқушы болған қыз қатарластарынан қалғысы келмейді. Ал әкесі 250мың теңге жалақысына қарап, несие қарастырамын ба, “бұл ақшаны қайдан алуға болады?” деп ойлайды. Одан бөлек қыздың көйлегі, макияжы тағы бар. Барлығын қоса алғанда 300-400 мың теңгедей ақша қажет болады"- деді видео авторы.

Көпшілік түрлі пікір білдірді. Кейбірі тіпті балаларының мұндай шығынға тойлатудан бас тартып, орнына шетелге саяхаттағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары