Мектеп оқушылары сабақ кезінде порнокадрлар көріп келген

14 қараша 2023 19:59 / Новости Казахстана

Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда 425 мектепте информатика кабинеттерінде оқушылар тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізіп келгені анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіргені белгілі болды

Бүгінде өңірдегі барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға қол жеткізуді шектейтін қондырғылар орнатылды", - деп жазды бақылаушы органнан.

Прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны - 8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел аумағында шектелген.

Осындай құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары