Мектепте балаларды балтамен жарақаттаған

14 қазан 2023 13:00 / Новости Казахстана

Петропавлда биыл ақпан айында №4 мектептің 9-сынып оқушысы сыныптастарына балтамен ұмтылып, үш оқушыны жарақаттады. Бүгін осы қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы жариялаған -  Кazinform.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот істі жабық режимде қарап жатыр. Жасөспірім «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша заң алдында жауап берді.

13 қазанда алдын ала сот отырысы өтті, оның барысында сотталушы мен жәбірленушілердің жеке басын анықтау, оларды құқықтарымен таныстыру сынды процедуралар жүргізіледі.

Еске салайық, оқиға Петропавлдағы №4 мектепте 13 ақпан күні болды. 9-сынып оқушысы мектепке өзімен бірге балта ала барып, сыныптастарын жарақаттады. Салдарынан үш бала ауруханаға түсті. Ал күдікті оқушы бірден қамауға алынды.

Бұған дейін брифингте облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов күдікті тергеу изоляторында отырғанын айтты.

Жасөспірімнің ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін онымен мамандар жұмыс істеді. Полиция да тергеуді аяқтап, іс прокуратураға жіберілді.

Айдын Қабдұлдиновтың мәліметінше, сот-сараптамалық жұмыстардың барлығының қортындысы шықты. Жасөспірімнің ақыл-есі дұрыс деп танылды.

Яғни күдікті сотқа келіп, барлық сұрақтарға жауап бере алады.

Автор
Серіктес жаңалықтары