Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады

25 қараша 2024 11:48 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік күзет қызметі. Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 2024 жылы 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген. Сонымен қатар, 27 қарашада Астана қаласының аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз, — деп ескертті ведомство.

Серіктес жаңалықтары