Мемлекеттік мекемені тонаған бухгалтер сотталды

14 қараша 2023 14:12 / Новости Казахстана

Қызылорда облысында мекеме бухгалтері жеке шотына заңсыз ақша аударып, мемлекетке шығын келтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазалы ауданында мекеме бухгалтері еңбекақыны есептеу және аудару кезінде бірінші басшының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалақы және өзге де төлемдер ретінде жеке есеп шотына ақша аударғаны анықталды. Салдарынан мемлекетке 3 343 347 теңге шығын келтірген.

«Басты сот талқылауы барысында сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Мемлекетке келтірген шығын толықтай өтелді. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Нәтижесінде мүлкін тәркілеместен, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деп мәлім етті Қазалы аудандық сотынан.

 

Серіктес жаңалықтары