“Мені тергеу изоляторында ұрды”: Перизат Қайрат сот залында жылап жіберді

9 шілде 2025 19:43 / Новости Казахстана

Қайырымдылыққа деп жиналған 3 миллиард теңгеден астам ақшаны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайратты тергеу изоляторының қызметкерлері ұрған. Бұл туралы айыпталушы Астанада басталған алдын ала сот тыңдауына жиналған журналистерге айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Айтуынша, ұрып-соғу фактісі бойынша елорда прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған.

«Мен моральдық тұрғыдан әбден шаршадым, айналамда осыншама резонанс. Мені тергеу изоляторының қызметкерлері ұрғанын енді ашық айта аламын. Астана қаласының прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір жағдайым жақсы», - деді Перизат Қайрат журналистердің сұрағына жауап беріп.

Айыпталушы осы күнге дейін бірнеше рет өтініш жазса да, оған қоғамдық қорғаушы берілмеген.

«Осы күнге дейін қандай өтініш жазсам да, маған бірде-бір рет қоғамдық қорғаушы берілмеді. Бүгін мен туған анамды алғаш рет көріп тұрмын», - деген ол сот залында жылап жіберді.

Серіктес жаңалықтары