Мерекеге орай қарттарға біржолғы төлем беріле ме?

1 қазан 2026 12:45 / Новости Казахстана

Қазақстанның кей өңірлерінде қарт адамдарға мерекеге байланысты біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылған. Алайда оның мөлшері мен алушылар санаты өңірге қарай өзгереді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласында жасына байланысты зейнетке шыққан тұрғындарға 2,5 АЕК, яғни 10 812 теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі. Көмек 110 мыңнан астам адамды қамтиды.

Қарағанды облысында 75 жасқа толған және одан асқан 43 405 тұрғынға 21 625 теңгеден төленеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 938,6 млн теңге бөлінген.

Түркістан облысында жалғызілікті қарттарға 5 АЕК, яғни 21 625 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл төлемді 1 253 адам алады.

Ал Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Қостанай және Қызылорда қалаларында қарттарға мерекеге орай ақшалай төлем қарастырылмаған.

Серіктес жаңалықтары