Министр; Дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес

22 қараша 2023 14:23 / Новости Казахстана

Индустрия министрі Шарлапаевтың ойынша, дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес, - деп хабарлайды Arbat.media.

Министрлер мемлекеттің өз азаматтарына деген ұстанымын ашық айта бастады. Депутат Дәулет Мұқаев Индустрия министрі Шарлапаевқа «Бүгінде жас отбасы баспана құнының 50 пайызын өз бетінше жинақтай ала ма?» деген сауал қойды.

Мәжілісмен бүгінде қазақстандықтардың елімізде бар баға мен ипотекалық бағдарлама бойынша баспана ала алмайтынын меңзеді.

Бұған Шарлапаев дені сау, еңбекқор азамат мемлекетке сенбей, еңбек етіп, ақша жинауы керек. Ал жеңілдетілген ипотека халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған деп жауап берді. 

«Егер бұл пәтерлерде тұратын дені сау жастарды сол адамдармен, жетім балалармен, мүгедек балалары бар отбасылармен салыстыратын болсақ, онда мемлекет жұмыс істеп, ақша таба алмайтындарға емес, әлеуметтік осал топтарға басымдық беруі керек деп есептеймін. Осы тұрғыдан алғанда, егер бағдарлама бар болса және онда жас шектеулері болса, өкінішке орай, бұл адамдар баспанамен өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Тек жағдайы нашар адамдарға басымдық беру керек».— деп жауап берді Шарлапаев

Дегенмен статистика көрсеткендей, тіпті аталмыш санаттағы адамдардың өзі оны көре алмайды. Әлеуметтік жағынан осал 254 мың қазақстандықтың 3,2 мыңы ғана жеңілдетілген ипотекаға ие болған.

Мәжілісте депутат Елнұр Бейсенбаев Қанат Шарлапаевқа кезекте тұрғандарды жеңілдетілген ипотекамен қамтамасыз ету деңгейінің төмен екенін айтып бетіне басты.

Министр Шарлапаев халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пайызбен жеңілдетілген ипотеканы мұқтаж 3,2 мың адам ғана алғанын хабарлады

Ал 254 мың қазақстандық мұндай баспана кезегінде тұрғанын ескерсек, .мұндай қарқынмен қазақстандықтар жүз жылға жуық күтуге тура келеді, деп атап өтті депутаттар.

"

Серіктес жаңалықтары