Министрлік Украинада жүрген қазақстандықтардың өтінішіне жауап берді

5 қазан 2026 11:18 / Новости Казахстана

Күні кеше бірқатар қазақстандықтың аналары журналистерге шығып, ұлдары Ресейге жұмыс істеуге кетіп, кейін Украинадағы қақтығыс аймағына тап болғанын айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сыртқы істер министрлігі Отанына оралуға көмек сұраған өтініштер БАҚ-та пайда болғаннан кейін, қақтығыс аймағында жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат жинай бастаған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты.

Енді министрлік, азаматтың аты-жөнін, туған күнін, болжамды жүрген жерін және еңбек шарттары туралы мәліметтерді беруін сұрайды. Туыстары Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сенім телефондарына хабарласуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары