Мөлдір Әуелбекованың жаңа образы желіде қызу талқыланды

27 тамыз 2026 15:11 / Новости Казахстана

Мөлдір Әуелбекова жаңа әнінің клипінен үзінді жариялап, желі қолданушыларының назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әнші бөліскен видеода көпшіліктің назары жаңа туындыдан бұрын оның клиптегі ерекше образына түскен. Киім үлгісі әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің образына сын айтып, пікір қалдырған. Атап айтқанда, «Мынау скоро шешіне ме сонда?», «Стилист ауыстыру керек», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?» деген пікірлер жазылған.

Әншінің жаңа әні қашан жарыққа шығатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Әнші бұл шешімін өнер жолындағы белгілі бір кезеңді өзі үшін аяқтағанымен байланыстырған.

Серіктес жаңалықтары